Жадынама «Буллинг — бұл жай ғана «балалар арасындағы ұрыс-керіс» емес. — «Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Амандық орта мектебі» КММ

Жадынама «Буллинг — бұл жай ғана «балалар арасындағы ұрыс-керіс» емес.

Жаналықтар
Буллинг — бұл жай ғана «балалар арасындағы ұрыс-керіс» емес.
Бұл – баланың өмірінде терең із қалдыруы мүмкін күрделі мәселе.
Буллингтің әсері тек жәбірленушіге ғана емес, оны жасаушыға және сырттай бақылап тұрғандарға да тиеді 🚫
Мұндай жағдайлардың салдары тек дәл қазіргі сәтте емес, жылдар өте де байқалуы мүмкін — психикалық және физикалық денсаулықта, өзін-өзі бағалауда, адамдармен қарым-қатынаста көрініс табады.
Не білу маңызды?
👉 Егер балаңыз тұйықталып, мазасызданып, мектепке барғысы келмей жүргенін байқасаңыз — бұл белгілерді елеусіз қалдырмаңыз. Ашық әңгіме — мәселені шешудің алғашқы қадамы.
Педагогтарды, мектеп психологын немесе мамандарды тартудан қорықпаңыз. Ең бастысы — балаға жалғыз емес екенін сезіндіру. Оны тыңдайды. Оны қолдайды.
👉 Есіңізде болсын, буллинг интернетте де орын алуы мүмкін. Ең ауыр буллинг кейде көзге көрінбейтін — виртуалды түрде болады.
Біз, ересектер, не істей аламыз?
Сөйлесу. Түсіндіру. Қолдау көрсету.
Сынып сағаттарын, тренингтер өткізу, эмпатияны дамыту және балаларды бір-біріне мейірімді болуға үйрету.
Тек бірлесіп әрекет еткенде ғана біз қатыгездікке орын жоқ қауіпсіз орта құра аламыз.
Буллингтің алдын алу — бұл бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз және балалардың болашағына қосқан үлкен үлесіміз.
Достармен бөлісу
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Амандық орта мектебі» КММ