Жолдау барысында Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын айқындап, алдағы кезеңге арналған нақты міндеттерді белгіледі.
“Амандық орта мектебінің”ұжымы Президент айқындаған бастамаларды толық қолдай отырып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды жалғастыратын болады. Әсіресе, цифрландыру мен жасанды интеллектті тиімді пайдалану білім саласын дамытудағы басты құралдардың бірі ретінде ерекше назарға алынбақ.


