

2025 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен 1 Мамыр — бірлік күніне арналған «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Бұл мейрам – еліміздегі түрлі ұлт өкілдерін бір шаңырақ астында біріктіріп, достық пен татулықты дәріптейтін ерекше күн. Мерекелік жиында мектеп директоры Баймаганбетова Н.С барша қазақ елін айтулы мерекемен құттықтады.
Мерекелік іс-шара барысында мектебіміздің өнерпаз оқушылары түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық билерін орындап, жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады..