Буллинг — бұл жай ғана «балалар арасындағы ұрыс-керіс» емес.



Бұл – баланың өмірінде терең із қалдыруы мүмкін күрделі мәселе.
Буллингтің әсері тек жәбірленушіге ғана емес, оны жасаушыға және сырттай бақылап тұрғандарға да тиеді 

Мұндай жағдайлардың салдары тек дәл қазіргі сәтте емес, жылдар өте де байқалуы мүмкін — психикалық және физикалық денсаулықта, өзін-өзі бағалауда, адамдармен қарым-қатынаста көрініс табады.
Не білу маңызды?

Педагогтарды, мектеп психологын немесе мамандарды тартудан қорықпаңыз. Ең бастысы — балаға жалғыз емес екенін сезіндіру. Оны тыңдайды. Оны қолдайды.

Біз, ересектер, не істей аламыз?
Сөйлесу. Түсіндіру. Қолдау көрсету.
Сынып сағаттарын, тренингтер өткізу, эмпатияны дамыту және балаларды бір-біріне мейірімді болуға үйрету.
Тек бірлесіп әрекет еткенде ғана біз қатыгездікке орын жоқ қауіпсіз орта құра аламыз.
Буллингтің алдын алу — бұл бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз және балалардың болашағына қосқан үлкен үлесіміз.